KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
521.53 601.01 6.43

Қазақстанда үш банк біріктіріледі

3.05.2019, 04:53 236

"AsiaCredit Bank" АҚ мен "Capital Bank Kazakhstan" АҚ  "Tengri Bank" АҚ-на қосылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ақпарат KASE Қазақстандық қор биржасында жарияланып отыр.

-"Tengri Bank" АҚ 2019 жылдың 31 мамырында сағат 12:00-де "AsiaCredit Bank" АҚ, "Capital Bank Kazakhstan" АҚ және  "Tengri Bank" АҚ акционерлерінің ортақ жиналысы басталады, - деп жазылған биржаның ресми сайтында.

Жиналыстың күн тәртібінде екі мәселе көтеріледі:

-"AsiaCredit Bank" АҚ мен "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-ның "Tengri Bank" АҚ-на ерікті түрде біріктіріліп,  қайта құрылуы;

-Бірігу туралы келісім-шартты бекіту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу