"Семей-Қарағанды" бағытындағы автобус көпір астына кептеліп қалды
"Семей-Қарағанды" бағытындағы автобус көпір астына кептеліп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға сағат таңғы 5-тер шамасында болған. Облыстық полиция департаментінің айтуынша, қалааралық автобус жүргізушісі көпірдің биіктігін жете бағаламаған.
ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жолаушылар дін аман, тек материалдық шығын тіркелді. Жүргізушіге қатысты әкімшілік кодекстің 610 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Қала тұрғындарының айтуынша, көпір биіктігі жазылып тұрса да осындай авариялар жиі кездесетін көрінеді.
Оқи отырыңыз