KZ
Өскемен
-19°
туман жел 2 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

Семейдегі көпірдің "қақпанына" тағы бір жүк көлігі түсіп қалды

13.08.2019, 11:38 397

Семейде тағы да жүк көлігі көпір астына кептеліп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын дәл осы көпірге «Семей-Қарағанды» бағытындағы автобустың кептеліп қалғанын жазған едік. Бұл жолы  72-ші кварталдағы көпір тағы бір жүк көлігін өз "қақпанына" түсірді. Ол аздай кептеліп қалған жүк көлігіне жеңіл мәшине соғылған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

 – Көпірдің биіктігі көрсетілген белгі тұр. Бұл жерде кінә тек жүргізушілерден болып отыр. Жүк көліктерін өткізбеу үшін белгі орнату қажет дейді, – аудан тұрғындары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу