KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1 м/с, С
501.79 595.07 6.56

Өскеменде Өтепов көшесінде өрт болды (ВИДЕО)

19.06.2019, 04:02 221

Кеше Өтепов көшесінің бойындағы көппәтерлі үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар 26 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өрт сағат 22.00 шамасында басталған.

10 қабатты үйдің 3-ші қабатынан 8-ші қабатына дейін электр сымдары, есептеуіштер мен автоматтар өртеніпті.

Құтқарушылар келген бетте ең алдымен 26 адамды, оның ішінде 8 баланы үйден алып шықты.

Өртті сөндіруге 6 арнайы техника жұмылдырылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу