KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

Өскемендіктер құрылыс бөліміне барып шағым айтамыз деп отыр

11.06.2019, 04:49 201

Өскеменде қаласындағы КШТ ауданына қарасты, 19 шағын аудан, 119- үйдің тұрғындары қалалық құрылыс бөліміне жиналып, өз наразылықтарын білдірмекші.

Бұл туралы аталмыш көпқабаттың үйдің тұрғыны Ермек Құрманғалиев, өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өйткені аталған үйдің тұрғындары бұл үйге кіргеннен бері қарай жылы суға жарымаған. Тіпті 2019 жылдың 23 мамырдан бері қарай жылы су мүлде тоқтап қалған. 9 маусым күні Президент сайлауы қарсаңында ғана 1 күн қосылып, ертеңінде қайтадан өшіп қалған. Құрылыс бөлімі тұрғындарға пәтерлерін тапсырған кезде сынған терезелерін жаз шыққанша ауыстырып береміз деп уәде еткен екен. Содан бері жарты жылдан астам уақыт өтсе де ауыстырылмаған.

"Жаңбыр жауған күні 5 қабатта мансардты пәтерлерде тұратын тұрғындардың төбесінен су тапшылайды. Үйдің шатыры мен мансардтағы пәтерлердің төбесі дұрыс жабылмаған. Үйдің жертөлесінде жарылған трубадан аққан су үйдің астын кішігірім көлшікке айналдырып үлгерді. Ал КСК басшысы бұл үйді әлі толық қабылдап алмағандығын айтады. Өйткені үйдің есептегіштері әлі орнаталмаған. КСК бұл есептегіштерді өз қаржысына орнатудан бас тартып, бұл есептегіштерді құрылыс бөлімі мен үйді салған құрылыс компаниясы орнату қажет екендігін айтты. Сол себепті де "Өскемен жылу жүйелері" жылу жүйесі мен жылы суды өшіріп тастаған. Үйдің жертөлесі құрылыс жұмыстарынан кейін жері тегістеліп, цемент төселіп, тазарту жұмыстары жүргізілмеген жарықтандырылмаған",-деп жазады ол.

Егер аталған мәселе шешімін таппаса тұрғындар үйге БАҚ өкілдерін шақырып, өз арыз шағымдарын жеткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу