Есірткімен ұсталған адамның қалтасынан тапанша шықты
Өскеменнің полиция қызметкерлері есірткі сатқан адамды құрықтап, қолдан жасалған тапаншы тәркілеп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Маусым айының бас кезінде облыс орталығында 33 жастағы ер адам есірткі саудалау кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
Тексеру барысында күдіктіден 425 мың теңге көлемінде ақша мен 130 грамм көкнәр табылған. Сондай-ақ, одан тапаншаға ұқсас зат табылыпты. Сараптаманың нәтижесі бойынша, бұл заттың қолдан жасалған және атуға жарамды тапанша екені анықталған екен.
Қазіргі уақытта есірткі заттарын саудалау және заңсыз қару сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.