Өскемендегі "Венеция-көше" мәселесі екі аптаның ішінде шешілетін болды
Михаэлис көшесінің тұрғындары үшін жақсы жаңалық, енді жаңбыр жауған сайын, уайымға салынбайсыздар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Екі күн бойы жауған жауын-шашын салдарынан қаладағы он шақты көшені су алған еді. Олардың ішінде, ең жиі су алатыны – Михаэлис көшесі.
- Қала тұрғындарына қолайсыздық тудырған бұл мәселені түбегейлі шешуіміз қажет. Нөсер құдықтарының санын көбейту керек- дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар
Тұрғын-үй коммуникация басқармасына екі апта ішінде мәселені шешу тапсырмасы берілді.
Айтпақшы, Михаэлис көшесінде бір ғана нөсер құдығы бар екен.
Оқи отырыңыз