KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
522.63 548.66 5.07

Елімізде жаңа құжат енгізіледі

7.06.2019, 06:32 137

Елімізде «Қазақтың картасы» деп аталатын жаңа құжат енгізілмек. Ол шетелдерде тұратын этностық қазақтарға арналады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазір әлемде «Поляк картасы», түріктердің «Көк картасы» деген құжаттар бар. «Қазақтың картасы» соларға

Бұл туралы «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді.

Оның айтуынша, картаның иесіне Қазақстан азаматының саяси құқықтан бөлек басқа барлық құқықтары беріледі екен.

Қазір елімізде қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы заң жобасының тұжырымдама жобасы әзірленіп, уәкілетті органдарға ұсынылып отыр. Болашақ заңнамаға сәйкес «Қазақ картасын» енгізу қарастырылған.

Карта шетелде жүрген қазақтарға Қазақстан аумағында еркін жүріп, бизнес жүргізуіне, меншік иесі болуға, жұмысқа тұруға, тегін білім алуға, медициналық көмек алуға мүмкіндік береді екен. Ал құжаттың пішіні жеке бас куәлігі тәріздес болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу