Маусым айында медицина саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы өседі
Маусым айының соңына қарай Қазақстанда 400 мыңға жуық медицина саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға өседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Еңбекақы медицина қызметкерлерінің лауазымына, жұмыс өтілі мен квалификациялық категориясына қарай өседі екен.
Атап айтқанда, дәрігер, провизор, психолог, фельдшер, акушер, медбике, фармацевт, әлеуметтік қызметкерлер мен медицина саласындағы басқа да мамандар, іс жүргізуші, оператор, хатшы, санитарлар, көлік жүргізуші, аула тазалаушы, күзет, есепші, программист, кадр бойынша инспекторлар, сондацй-ақ, басшылар және олардың орынбасарлары, бас есепшілердің жалақысы артады.