KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Өскемендік жастар АҚШ ұйымдастырған кинобайқаудың жүлдесін жеңіп алды

6.06.2019, 03:36 97

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы жыл сайын 48 Hour Film Race - "48 сағатта түсіру" қысқа метражды фильмдер байқауын өткізіп келеді, биылғы байқауға "Шығыс ақпарат" медиахолдингінің әуесқой режиссерлері де қатысқан болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Өскемендік өнерлі жастар аталмыш қысқаметражды фильмдер конкурсында, 472 фильм ішінен "Үздік фантастика" жанрының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы «ШығысАқпарат» медиахолдингі басқарма төрағасының орынбасары Мирас Малғаждаров Фейсбуктегі жеке парақшасына жазады.

 «Арман Сапиолда мен Салауат Нұртасов жарты күнде сценарий жазып, оны Салауат түсіріп, Арман режиссерлік және монтажерлік міндет атқарып, бір күннің ішінде ТОП фильм жасай алды. Қатысқан бірінші байқаудан-ақ жеңімпаз болып оралып жатыр. Бұл тек қана бастамасы ғана. Қазіргі күннің өзінде, бірқатар жобалардың басы басталған, кейбіреуі аяталып қалды, бірнешеуі жоспарда тұр. Әлі талай қызықты жобалармен қуантатын боламыз», деп жазады ол.

Атап өтетін жайт, сайыс ережесіне сәйкес, қатысушылар 48 сағат ішінде, ұйымдастырушылар ұсынған талаптарды орындау арқылы (талаптар алдын ала айтылмайды) фильмге сценарий жазып, оны түсіріп, монтаждап, оны жіберіп үлгеру керек.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Сапиолда бұған дейін өзінің көрермендеріне "Параллель әлем" атты тырнақалды туындысымен танылған болатын. Фильм әлеуметтік желілер арқылы таралып қазақтілді киносүйер қауымнан, әсіресе жастар тарапынан оң бағасын алғанын да айта кетуіміз керек. 

ЕСКЕРТУ! Бұл Арман Сапиоланың 2019 жылдың ақпанында түсірілген фильмі. Байқауға қатысқан туынды әлі жарияланған жоқ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив