Балуандарымыз Италияда 16 жүлдеге ие болды
Италияның Сассари қаласында өткен еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар тамаша өнер көрсетіп, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Matteo Pellicone Memorial» деп аталған жарыста жерлестеріміз – шығысқазақстандық балуандардың да қанжығасы майланды. Әсіресе Шыңғыс Мұхаметқалиевтің жетістігін атап өткен орынды. 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шыңғыс қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңіп, жарыстың бас жүлдесін иеленді.
Жалпы алғанда, бұл додада Қазақстан құрамасының спортшылары 16 жүлдеге ие болды. Олар жүлделер Дәулет Теміржанов, Еламан Қадірсейіт (екеуі де 57 келі), Дәулет Тәжібай, Асыл Айтақын, Әділ Оспанов (61 келі), Талғат Сырбаз (65 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Дәулет Ергеш, Әділхан Әмірханұлы (74 келі), Диас Асқаров, Тілек Қабыкенов (79 келі), Нұрасыл Жеткерген, Абылай Совет (86 келі), Ефим Труш пен Самат Тәжінің (120 келі) еншісіне жазылды.