KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-ның өзендерінде су деңгейі көтерілді

23.05.2019, 06:49 193

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, кеше Бұқтырма, Үлбі және Үбе өзендерінде су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

22 мамырда су деңгейі облыстағы барлық өзендерде көтерілген, ал үш өзенде арнасынан тасуға таяп қалған екен. Атап айтқанда, Бұқтырма өзенінде «Орман кемежайы» гидропостының ауданында, Үлбі өзенінде - «Перевалочная» гидропостының, Үбе өзенінде – «Шемонаиха» гидропостының аумағында су деңгейі көтерілген.

Бүгін өзендердегі су деңгейі қайта қалпына келе бастапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу