KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 1,5 м/с, В
497.26 525.21 4.97

"Кісі ақысын жеу деген осы" Даниал Ахметовке құрылысшылар шағым айтып келді

23.05.2019, 03:33 141

Облыс әкімінің қабылдауында,  «Элхон-Строй» компаниясының бұрынғы жұмысшылары атынан келіп түскен арыз қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысымен кездесу барысында құрылыс саласында қызмет көрсететін компанияның экс-бригадирі Дархан Меңдуалиев жұмыс берушінің қызметкерлері алдында өтелмеген еңбекақы берешегі бар екенін айтып шағымданды.

 Айтуынша, ол өз бригадасымен бірге Шемонайха қаласында салынған 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына қатысқан. Артынша бас мердігер келісімшартта атқарылатын жұмыстардың сомасы көрсетілмей кеткенін пайдаланып Д.Меңдуалиевтің бригадасына төленуі тиіс соманың бір бөлігін ғана ұстатқан. Ешкімнен қолдау таппаған бір топ алданған жұмысшы ақыр аяғы облыс әкімінен араша түсуді сұрапты. 

– Кісі ақысын жеу деген осы болар. Бас мердігер қол астындағылардың еңбегін пайдаланып алып, жалақы төлеуге келгенде сараңдыққа бой алдырған. Былайша айтқанда, «Элхон-Строй» компаниясының басшылығы құрылыс саласына жаңадан келіп, әлі оңы мен солын танып үлгермеген жас бригадаға әлімжеттік жасап отыр. Мұндайға еш уақытта жол беруге болмайды. Құрылысшыларға адал маңдай терімен тапқан табысы толық мөлшерде берілуі тиіс, – деген аймақ басшысы аталған мәселені жылдам шешу керектігін айтып, құзырлы органдарға тиісті тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу