KZ
Өскемен
пасмурно Штиль
481.84 531.33 5.07

Өскеменде биыл абаттандырылатын аулалардың мекенжайы:

22.05.2019, 04:45 117

Өскемен әкімі Жақсылық Омар биыл 20 аула абаттандырылатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

– Шамамен 15 мың адам тұратын 37 үйдің ауласы абаттандырылады. Жоспарланған жұмыстар аясында 19 балалар және 18 спорт алаңы, 16 ересектерге арналған демалыс аймағы салынады. 150 жарық шам орнатылады, – деп жазды Жақсылық Омар.

 

Сонымен қатар шаһар басшысының жазуына қарағанда, Жыланды кентінің жеке меншік секторындағы бес аулада балалардың ойын ойнайтын кешені бар алты алаң салу жоспарда бар.

 

Биыл жаңартылатын аулалардың мекенжайлары: 

 

Қабанбай батыр к-сі, 89, 91;

 

Виноградов к-сі, 19, 21, 29, 23, 25, 27;

 

Сәтбаев даңғылы, 48, 50, 50/1, 52, 54;

 

Шлюзная к-сі, 10, 12 (Аблакетка к-сі);

 

Крылов к-сі, 74;

 

Әуезов даңғылы, 20, 20/1;

 

Қазақстан к-сі, 72;

 

Бажов к-сі, 333/2, 331/4;

 

Протазанов к-сі, 1, 1/1;

 

Мыза к-сі, 47, 49;

 

Конечный тұйық к-сі, 16, 18, 19, 20, 21, 18 (Меновное к.);

 

Шәкәрім к-сі,182;

 

Менделеев к-сі,15, 17 (Согра к.);

 

Вострецов к., 4, 4/1, 6, 8, 8а (Защита).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив