Алма түні, Алма түні Өскеменде. Мұндайды естуіңіз бар ма?
Алма түні. Мұндайды естуіңіз бар ма? Саяхатшы, ақын, суретші, әнші, биші – қысқасы, өнерлі жандарға арналған түнгі іс-шара Өскеменде өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шараның нақты мекенжайы: Облыстық Өнер музейі (Тоқтаров көшесі, 56). 17 мамыр күні жұмыс уақытынан кейін сағат 18:00-де басталып, үш сағатқа ұласады.
– Бұл шарада жастарға арналған квест ойыны, суретші, фотограф Мерей Қайнарұлының шеберлік класы, жастар театрының қойылымы, ұмыт қалған салт-дәстүрлермен таныстыру, ақындармен сұхбат, ауызашар және жас саяхатшылар мектебінің тұсаукесері болады. Тағы да өзге игілікті іс-шаралар болады. Алмаға қатысты да бір іс істейміз, – дейді музейдің қызметкері Таунар Қайратұлы.
Оның айтуынша, осынау кештің Қазақстан бренді саналатын алма атымен аталуы тегін емес. Барған адам ғана түсінеді себебін.