Саябақтардың бірінде алма бақ пайда болады - Өскемен
Облыс орталығындағы Самал саябағының аумағында алма ағаштарын отырғызуға арналған алаң бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омар саябаққа барып, алма бағын құруға дайындық барысымен танысты.
Қала басшысының айтуынша, жобаны жергілікті кәсіпкер Сергей Бродский жүзеге асырмақ.
- Кәсіпкер Сергей Бродский қалада 1000 түп алма ағашын отырғызып, алма бағын құру туралы бастама көтерді. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және саябақтың шығыс бөлігінен жер телімін бөлуді қамтамасыз еттік, - деді Жақсылық Омар.
Әкімнің айтуынша, саябақта алаңы дайындалып, суару жүйесі орнатылуда.
Оқи отырыңыз