Абай болыңыз! Құрмадан ішек инфекциясы табылып жатыр. Мамандар кеңесі қандай?
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Соңғы 4 айдың ішінде құрмадан ішек инфекциясы табылды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Рамазан айында халық жұмақ жемісі атап кеткен өнімге сұраныстың артатыны белгілі. Сан көбейсе, сапа сыр беретінін де білетін боларсыз. Мәселен Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген соңғы тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталған екен.
– Тексеріс нәтижелері бойынша құрмалардың 18 % талаптарға сай болмай шықты. Оның басым бөлігі – импорттық өнімдер. Өнімнің құрамынан ішек таяқшалары табылды, – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.
Мамандар құрманың сыртқы қорабын мұқият қарауға кеңес береді. Егерде оның шыққан күні, қолдану мерзімі жазылмаса мұндай өнімнен бас тартқан дұрыс. Соднай-ақ өзге елдерден импортталған өнімдердің көбіне санитарлық талаптарға сай келмейтінін ескерген жөн.