KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да биыл ішек инфекциясына шалдығу оқиғалары азайды

26.07.2019, 10:42 186

 

Жыл басынан бері облыс орталығында жедел ішек инфекциясына шалдығудың 175 оқиғасы тіркелсе, оның 39 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар болған. Дегенмен көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 есеге аз, деп хабарлайды Алтайньюс тілішсі.

– 2019 жылдың алты айында Өскеменде тіркелген жедел ішек инфекциясына шалдығу көрсеткіші 100 мың адамға 50,9 адамнан келеді, – дейді Өскемен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Сағындықов.

Жауапты тұлғаның айтуынша, балалар арасында тіркелген 69 жедел ішек инфекциясы екі жасқа дейінгі сәбилерге тән көрінеді. Олардың осындай дертке шалдығуына анасының жеке бас гигиенасын сақтамауы және баланың иммундық жүйесінің сыр беруі себеп болған.

Бұдан бөлек, аталмыш ауру жұмыс істемейтін азаматтар мен зейнеткерлер арасында да тіркелген. Аталмыш санаттағы аурулар көрсеткіші жалпы тіркелген оқиғалардың 36,6 пайызын құрап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу