KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО құрамасы паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы атанды

13.05.2019, 13:59 180

Нұр-Сұлтан қаласында балалар арасында Тұңғыш Президент қорының кезекті паралимпиадалық ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жарысқа еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан жиналған спортшылар қатысты. Жарысқа қатысушылар шахмат, суда жүзу, қол күресі, арбаға таңылғандар арасындағы би жарысы, тоғызқұмалақ пен волейболдан өзара мықтыны анықтады.

Додада біздің облыстың атынан 12 спортшы сынға түсті. Олардың барлығы да ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері екенін атап өткен орынды. Аса тартысты өткен сайыстар қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды.

Айта кетер жайт, спортшылардың өнерін халықаралық додалардың чемпиондары, спорт шеберлері мен спорттық биден Қазақстан федерациясының мүшелері бағалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив