Өскеменде сенбілік жәрмеңке. Күршім ауданы
Өскеменде сенбілік жәрмеңке жалғасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жолы облыс орталығына арзан әрі экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін әкеліп саудалайтын – Күршім ауданы. Жас малдың етін осы жерден табылады. Сондай-ақ мал ауызы көкке тиген шақ, түрлі сүт өнімдері де сатылымда болмақ.
Жәрмеңке, әдеттегідей, «Фрешмаркет» сауда орталығының жанында өтеді. Таңғы 9.00 сағатта басталып кетеді.
Оқи отырыңыз