Өскеменде жоғары білімді SMM мамандары даярланатын болды

Д.Серікбаеватындағы ШҚМТУ-да әлеуметтік медиа маркетинг (SMM) саласының мамандары даярланбақ. Бұл туралы аталмыш университеттің бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина мәлім етті.
– Әзірше, оқудың бағасы белгісіз. Ал осы мамандық бойынша оқимын, білім аламын деген жастарға грант қарастырылуы мүмкін. Алдағы уақытта бұл мәселелерді Білім және ғылым министрлігі шешетін болады, - дейді Сәуле Рахметуллина.
Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың басшылығы Алматыдағы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректорымен екіжақты мемарондумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат – маркетингтік коммуникация құралдарын бизнес саласында тиімді пайдаланатын кадрларды даярлау.
Айта кетейік, биылғы жылдың қыркүйегінен бастап SMM мамандарды оқыту қолға алынады. Студенттерге тәжірибелі кадрлар сабақ беретін болады.