KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Білім министрі: "Жаңа мамандықтар 2-3 ақ жылдың ішінде пайда болып жатыр"

19.04.2019, 11:28 200

Үкметтік жұмыс тобының Шығыс Қазақстан облысының активімен өткен кездесуінде Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова 500 мың сала қызметкерінің еңбекақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Министрдің айтуынша, білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру үш санат бойынша жүзеге аспақ. Бірінші санатқа колледж, мектеп оқушылары мен писхологтар, әдістемелік қызметкерлер кірсе, екінші санатқа техникалық персонал еніп отыр. Ал колледж меңгерушілері мен мектеп директорлары, олардың орынбасарлары үшінші санатқа жатқызылған.

«Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру үшін бөлінген қаржының 75 пайызы білім саласына бағытталып отыр. Бұл шамамен 500 мың адам.» - деді Күләш Шәмшидинова.

Министр тәуелсіздік жылдарында елімізде 1672 мектеп жаңадан салынғанын да атады. Бұл көрсеткіште Шығыс Қазақстанның үлесі 142 мектеп екені де айтылды. Ол, сондай-ақ, пән мұғалімдерімен қатар мектеп психологтары мен сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыруға дендеп көңіл бөлінетінін атады.

Мектептегі білім сапасын арттыру үшін 700 «тірек мектеп» іріктеліп алынбақ. Дәл осындай принциппен 180 таңдаулы колледж, 20 университет іріктелмек.

«Колледждер мен университеттердің тиімділігі түлектерінің еңбек нарығына өтімділігі бойынша анықталады. Қазір айналдырған 2-3 жылдың ішінде жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Бұрын оған 20-30 жыл кететін. Сондықтан алдағы уақытта елімізге керек 100 мамандықтың тізімін жасаймыз» - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу