KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өскеменде көлік қағып кеткен 10 жастағы бала көз жұмды

19.04.2019, 06:30 137

14 сәуір күні Гагарин бульвары көшесінде анасы мен баласын көлік қағып кеткені туралы жазған едік. Екеуі де ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын. Бейресми ақпарат бойынша, бүгін таңғы уақытта бала көз жұмған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеше Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі анасының беті бері қарап, жағдайы жақсарғанын, ал баланың әлі де ауыр халде жатқанын мәлімдеді.

Бүгін бала көз жұмды деген ақпарат таралуда. Сайт редакциясы ресми органнан ақпарат сұратып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұл оқиға 14 сәуір күні Гагарин бульвары көшесінде сағат кешкі 21.00 шамасында болған. Карбышев көшесі жақтан аса жоғары жылдамдықта  келе жатқан "Тойота Камри" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив