Өлім аузында жатыр. Өскеменде анасы мен баласын көлік қағып кетті (видео)
Өскеменде Гагарин бульвары көшесінде 36 жастағы әйел мен оның 10 жастағы ұлын көлік қағып кетті. Оқиға 14 сәуір күні сағат кешкі 21.00 шамасында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Карбышев көшесі жақтан аса жоғары жылдамдықта келе жатқан "Тойота Камри" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетеді.
Зардап шекккен анасы мен баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір екеуінің де жағдайы ауыр, өлім аузында жатыр екен. Дәрігерлер олардың өміріне қауіптеніп отыр. Бала өкпені жасанды вентиляциялау аппаратына қосылған.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.