KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде көлік қаққан 10 жастағы бала өмір үшін күресіп жатыр

18.04.2019, 04:59 151

 

ШҚО денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі көлік қағып кеткен анасы мен баласының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл оқиға 14 сәуір күні Гагарин бульвары көшесінде сағат кешкі 21.00 шамасында болған. Карбышев көшесі жақтан аса жоғары жылдамдықта  келе жатқан "Тойота Камри" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетеді.

Зардап шекккен анасы мен баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

-Баланың жағдайы әлі де ауыр. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр, - деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Анасының жағдайы сәл жақсарған екен. Оған жақын арада ота жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив