KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Мектепке баланы алты жастан беру керек – Білім және ғылым министрі

15.04.2019, 11:48 293

Қазақстанда баланы мектепке алты жасынан беру керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Бірінші сыныптың оқу бағдарламасы баланың жас ерекшелін ескере отырып құрылған, әліппеге дейін, әліппе және әліппеден кейінгі кезеңдер бар. «Білім беру туралы» заңға сәйкес, балалар мектепке алты жасында барады, сондықтан осы жаста оларды мектепке беру қажет. Алайда 1 қыркүйекте алтыға толып үлгермеген балалар мектепке келесі жылы барады,  - дейді министр.

Бұған дейін қыркүйекте алтыға толмаған балалардың мектепке бару не балабақшада тағы бір жылға қалуын ата-аналары шешетінін айтқан еді. Енді баланы алты жастан мектепке беру туралы норманы заңнан алып тастауды жоспарлап отырғаны жайлы да хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу