KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

«Торпедо» тізгінін қайтадан Алексей Ждахин ұстады

10.04.2019, 06:21 163

«Торпедоның» бас бапкері қызметіне Алексей Ждахин тағайындалды. Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кетейік, өскемендік жанкүйерлерге Ждахиннің есімі жақсы таныс. Ол бұған дейін де, дәлірек айтсақ, 2016 мен 2017 жылдар аралығында «Торпедоның» бас бапкері қызметін атқарған болатын. Дәл сол маусымда өскемендік ұжым өз тарихында тұңғыш рет Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында топ жарып, плей-офф кезеңінің финалына дейін жеткен-ді. Әзірге бұл «Торпедоның» ЖХЛ аясында жеткен ең зор жетістігі болып тұр.

53 жастағы ресейлік маман өз бапкерлік мансабында Төменгі Тагилдің «Спутнигін», Ангарскінің «Ермагын», Тверьдің «ТХК-сы» мен Ханты-Мансийскінің «Юграсын» жаттықтырғанын айтқан абзал. Ждахинның жетекшілігімен «ТХК» командасы екі мәрте (2015, 2016 жылдары) ЖХЛ плей-офф кезеңінің жартылай финалына дейін жеткен.
Жаңа бас бапкердің көмекшілері кім болатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, қаңтар айында өскемендік клубтың президенті Николай Проскурин келесі маусымда команда тізгінін Ерлан Сағымбаев ұстайтынын мәлімдеген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив