Өскеменде орталық базардың маңын полиция қоршап алды
Орталық базар ауданын бүгін полиция қызметкерлері қоршап алып, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен саперлер келіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Байланыс үйі" автобус аялдамасында күмәнді сөмке жатыр деген хабар түскен.
-Полицияның орталық базар маңындағы стационарлық пунктіне қала тұрғыны келіп, күмәнді сөмке жайлы хабар берген. Қазір полиция, өрт сөндіру қызметкерлері мен саперлер жұмыс істеп жатыр, - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз