KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғыны бір жұдырық «жеп», бір миллион теңге өндіріп алды

4.04.2019, 10:10 135

 

 

Жәбірленуші тісін емдетуге ғана жеті жүз мың теңге жұмсапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Соттың ақпараты бойынша, Семей қаласының тұрғынына бейтаныс біреу келіп шылым сұрған. «Жоқ» дегені сол екен, белгісіз қаскүнем қарапайым адамды соққыға жағыпты. Осыдан кейін жәбірленуші тісін емдетуге мүжбүр болған екен. Оның айтуынша, тіс дәрігерлерінің қызметіне 694 673 теңге қаражатын жұмсапты.

 

Аталмыш оқиғаға қатысты істі Семей қаласының соты қарап, шешім шығарды.    

 

Сот қаскүнемнің бас бостандығын шектеп қана қоймай, одан 694 673 теңге көлемінде материалдық шығын және 250 000 теңге моральдық залал өтемақысын өндіріп алу туралы шешім шығарды.

 

Осылайша бұрыс әрекетке барған әпенді 944 673 теңге қаражатынан қағылып отыр.   

 

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу