Такси жүргізушілері жолаушыларға чек беруге міндеттелді
Қазақстанда такси жүргізушілері жолаушыларға чек беруге міндеттеледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңалық 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілмек.
Жүргізушілер жолаушыларға фискалды чек беретін болады. Осыған орай ҚР қаржы министрінің "Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы" № 206 бұйрығына түзетулер мен толықтырулар енгізілген еді.
Енді осы түзетулер мен толықтыруларға сәйкес таксистер кассалық аппаратты қолдануға міндеттеліп отыр.