KZ
Өскемен
-17°
ясно жел 2 м/с, З
530.24 543.97 5.16

Қазақстанда екі тірі донордан бауырды трансплаттау бойынша ота өткізілді

28.03.2019, 18:30 174

 

Қазақстанда мен ТМД елдерінде алғаш рет 10 наурызда А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында Оңтүстік Кореялық Асан клиникасының хирургтарымен бірлесе отырып екі тірі донордан бауырды транспланттау бойынша операциясы өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл өзгеріс - Dual Graft деп аталады екен.

 

Алматы қаласының тұрғынына 3 жыл бұрын «бауыр циррозы» диагнозы қойылған. Зерттеу барысында бауырының бір бөлігін беруге науқастың көптеген туыстары келді. Алайда, тексере келгенде донорларда операциядан кейін бауырдың аз бөлігі қалып, одан әрі бауыр жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары болды. Сондықтан донор ретінде екі ағасы таңдап алынды.

 

Айта кетсек, Оңтүстік Кореяның Асан клиникасында 2000 жылы әлемде бірінші рет профессор Sung-Gyu Lee осындай ота жүргізген екен. Реципиентті жеткілікті мөлшерде бауыр бөлігімен қамтамасыз ету үшін және донорлық қауіптілікті төмендету мақсатында техникалық түрде күрделі отаны жасалады. Бұл жағдайда донорларда бауырдың 70%-ы қалады.

 

Мәйіттік донорлар аз немесе мүлде болмаған жағдайда және бұндай бағдарлама жоқ елдерде тірі донордан алынған бауыр трансплантациясы – терминалды бауыр аурулары бар науқастарды түбегейлі емдеудің жалғыз әдісі болып табылады.

 

Әлемде екі тірі донордан бауырды транспланттау отасы бұған дейін Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Тайвань,  Франция елдерінде жасалған екен.

 

Ота 15 сағатқа созылып, сәтті өтті. Оған 30-дан аса медициналық қызметкерлер қатысты. Қазіргі таңда отадан кейін пациенттер (реципиент және екі донор) өздерін жақсы сезінетіні хабарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу