KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейдегі Лодочная көшесінің тұрғындары қайықпен жүзуі мүмкін

26.03.2019, 08:48 197

Семейдегі Лодочная көшесінің тұрғыны өзінің ауласының маңындағы судың жылғасын құрылыс қалдықтарымен жауып тастаған, Нәтижесінде  маңайды су ала бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

-Өткен жылы көршімізі 50-60 шақты мәрте  КамАз-бен әкеліп шлак төкті, салдарынан табиғи ландшафт бұзылып, біздің үйлерді су ала бастады. Қыстан бері зардап тартып келеміз,-дейді аталмыш көшенің тұрғыны Наталья Новоселова.

 

Семейдегі ақпараттық орталық мамандарының айтуынша, бұдан бұрын да Наталья Новоселова көршісімен сөйлесіпті. Оқиғаға себепкер болған азамат осы жазда барлық құрылыс қоқыстарын алып тастауға уәде еткен екен. 

 

Бұл мәселеге араласқан ТЖ жөніндегі көмекші Айдын Мархаметов өткен жылы  оған 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын да айтты. Алайда одан  ешқандай пайда болмаған.

 

-Қазір біз ТЭЦ қызметкерлеріне қыстан шыққан барлық шлакты, күл-қоқысты кері алып тастауды бұйырдық.деді,-Айдын Мархаметов.

 

Зардап шеккен тұрғындар Айдын Мархаметовке көмегі үшін алғыс білдірді. Ал батпақты жоюмен күресу үшін полицияға арыз жазатын болды. Себебі табиғи саздауыт жерлерді жасанды жолмен, яғни шлакпен көмуге  болмайды. Үйлерді су алу қаупі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив