KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, З
441.41 477.78 4.84

ШҚО тұрғыны малдың жем-шөбін мемлекеттік тумен жауып қойыпты (видео)

26.03.2019, 06:16 120

 

Әлеуметтік желілерде еліміздің мемлекеттік туымен жабылып тұрған бір үйме шөптің бейнежазбасы таралып, желі қолданушыларын шулатты.   Бұл видео Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында түсірілген екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Үй иесі малының жем-шөбін жауын-шашыннан қорғамақ болған көрінеді. Тудың көлемі аса үлкен.

 

Анықталғандай, шөптің иесі 54 жастағы ауыл тұрғыны екен. Ал шөпке жабылған ту емес, баннер болып шықты. Оны қаңтар айында тауып алыпты. Баннерде Қазақстанның туы мен бәйтерек бейнеленген. Болжам бойынша, Тәуелсіздік күніне орай әзірленген болу керек. Енді бұл баннерге тапсырыс берушілер анықталмақ.

 

Ал тудың бейнесін жауын-шашыннан қорғайтын материал ретінде пайдаланған ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады екен. Ол 500 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Айта кетсек, желі қолданушылары баннерді шөптің үстіне жапқан адамның емес, бейнежазба авторының әрекетін қатаң сынға алып жатыр.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив