KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

ШҚО-да қожайынын күтіп жүрген «Хатико» бар (видео)

10.04.2019, 05:59 143

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында ит жолдың бойында қожайынын күтіп жүр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, иттің бұл жерден кетпей жүргеніне 10 күн болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қожайынын күткен иттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Адамдар оны «қалбатаулық Хатико» деп атап, тамақ беріп жүр. Алайда ит берген тамақты жемейді, жолдың бойында пайда болған әр адамға бір тесіле қарап, әлдекімді күтіп отырады екен.

Адал иттің қожайыны жақын арада табылар деген үміттеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив