KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Қорасындағы шөбін мемлекеттік тумен жапқан ШҚО тұрғыны жауапқа тартылмайтын болды

26.03.2019, 10:57 200

 

Әлеуметтік желілерде еліміздің мемлекеттік туымен жабылып тұрған бір үйме шөптің бейнежазбасы таралғаны туралы бүгін жазған едік. Бұл видео Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында түсірілген. Осыған дейін 54 жастағы ауыл тұрғынына аса ірі көлемде айыппұл салынатыны туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

 

-Бас кезде дұрыс ақпарат таралмай кеткен. Ол жақта тексеру жұмыстары жүргізілді, әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталмады. Тудың өзі емес баннер ғана болғандықтан Қалбатау тұрғыны ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 Айта кетсек, желі қолданушылары баннерді шөптің үстіне жапқан адамның емес, бейнежазба авторының әрекетін қатаң сынға алып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу