KZ
Өскемен
-15°
ясно жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

«Түрі фотороботқа ұқсайды». Үш ай бойы қамауда отырған Өскемен тұрғыны бостандыққа шықты

26.03.2019, 05:35 185

 

 Өскемен қаласының тұрғыны Ақылбек Қаржыбаевқа аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып, қамауға алынғаны туралы ақпан айында жазған едік. Үш ай бойы жасамаған қылмысы үшін қамауда отырған жігіт бостандыққа шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Оқиға былай өрбіген. Ақылбек пен Назгүл екінші балаларының дүниеге келуін асыға күтіп, болашаққа жарқын жоспарларын құрып жүрген еді. Ипотекаға пәтер алып, ХҚКО-да тіркеледі. Алайда үйге құжат рәсімдеген кезде Ақылбекке іздеу салынғаны жайлы ешкім тіс жармаған болатын.

 

Тосын жайт желтоқсан айында сенімхат рәсімдеу үшін нотариусқа барған кезде бірақ анықталыпты. Ол мәселенің мән-жайын анықтамақ болып, заңгердің көмегіне жүгінеді. Алайда 24 желтоқсан күні құқыққорғау органдарының қызметкерлері Ақылбекті өз үйінің ауласында жұбайының көзінше тұтқындап, Алматыға алып кеткен.

 

Белгілі болғандай, Ақылбекті 2018 жылдың мамырдың 26-нан 28-не дейінгі аралықта жасалған қылмысқа қатысы бар деп айыптап отыр екен. Ол кезде қылмыстық топ Алматы қаласында әйел адамды қамауда ұстап, денсаулығына зиян келтіріп, ақша бопсалаған. Бұл іске күдіктілер қолға түсіпті. Бірақ араларында белгісіз себептермен Ақылбек те бар болып шығады.

 

Ақылбектің жұбайы Назгүл Өскемен қаласы әкімінің есептік кездесуіне келіп, көмек те сұрады. Жақсылық Омар бұл сауалды ескерусіз қалдырмай, жағдайдың мән-жайын анықтап беруге уәде еткен еді.

Жуықты өткен сот шешімі бойынша, Ақылбек Қаржыбаевтың қамауға алу әрекеті заңсыз болып табылып, ол босатылды. Осы үш айдың ішінде жұмысынан айырылып қала жаздаған. Нәрестесі дүниеге келгенде жұбайының жанында да бола алмады. Енді ол құқыққорғау қызметкерлері мен әлгі арыз түсірген әйелді де сотқа беріп, жауапқа тартқызбақ екен.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу