KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями Штиль
527.23 544.05 5.05

Қазақстанда темір жолдар көктемгі су тасқынына әзірленіп жатыр

24.03.2019, 21:06 277

 

Теміржолшылар пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін көктемгі сутасқынына белсенді дайындалуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдейді.

 

Барлық инженерлік құрылғылар мұқият қаралып, теміржол төсеніштеріне жақын орналасқан су қоймалары мен плотиналар тексерілуде.

 

Көлік құралдары, дрезиналар, автотракторлық техника толықтай дайындыққа келтірілді. Жанар-жағу майының апаттық қоры құрылды.

 

Суөткізу тұрбаларын, көпірдің технологиялық тесіктерін қоқыстан, мұздан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте 6 мыңнан астам құрылыстар аршып алынды.

 

Қазіргі таңда кондициялы емес темірбетон шпалдарымен, рельс пакеттерімен, кесек тастармен жабдықталған 30 тарта шаюға қарсы пойыздар құрылған екен. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 42 шаюғақарсы пойыз жасақталмақ.

 

Тасқын су басқан жағдайда жауапты тұлғалар тәулік бойы кезекшілік жүргізетін болады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу