Даниал Ахметов: Мәслихат депутаттарының шешімін мен де қолдаймын
Өскеменде Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауға байланысты өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Бәріміз тарихи сәтке куә болдық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент өкілеттігін тоқтатса да, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде халық мүддесі үшін еңбек ете береді. Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынған "Қазцинк", аурухана, мектеп және қоғамдық кеңес ұжымдарына алғыс білдіремін. Бұл ұсынысты бір ауыздан қолдаған қалалық мәслихат депутаттарының шешімін мен де қолдаймын, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.