KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«Біз көшбасшымыз туралы ерекше мақтанышпен айтамыз» - Даниал Ахметов

1.12.2019, 19:06 155

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Даниал Ахметов құттық сөзінде Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін ерекше атап өтті.

- Біз көшбасшымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы ерекше мақтанышпен айтамыз. Оның арқасында Қазақстанда егемен мемлекет ретінде қалыптасып, таң қаларлық нәтижелерге жетті. Нұрсұлтан Әбішұлы мықты саясаткер жаһандық үрдістердің медиаторы ретінде әлемдік тарихқа кіріп отыр. Оның қызметі халыққа және өз еліне қызмет көрсетудің айқын мысалы бола алады. Қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің тарихы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан басталады. Ағымдағы жылы Нұрсұлтан Әбішұлының ел басқарғанына 30 жыл толады, - деді ШҚО әкімі.

Салтанатты жиын қалалық Мәдениет үйінің, Әміре Қашаубаев атындағы филармония мен Абай атындағы театрдың өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив