Шығыс салбұрыны: Ұланда ұлттық спорт бәсекесі өтеді
Ұлан ауданында «Шығыс салбұрыны» деген атаумен ұлттық спорт бәсекесі өтеді.
Бозанбайдағы «Бәйге төбеде» саятшылар құс салып, тазы жүгіртіп сайысқа түспек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
8 қарашада болатын халықаралық сайысқа Монғолия, Қырғызстан, Венгрия және Ресей сынды шетелдерден 30 бүркіт және 35 тазы келеді.
Көрермендер сайысты екі күн бойы тамашалайды. Қансонардан кейін атшабардың айналасына тігілетін киіз үйлерге кіріп ауқаттанып, бой жылтуға мүмкіндік бар. Сол маңда ұлттық өнімдердің жәрмеңкесі де ұйымдастырылады.
Жарыстың бағдарламасы
7 қараша, дүйсенбі
Киіз үйлер, қостардың тігілуі. Жарысқа қатысушылардың келуі, орналасуы.
17.00-17.30 Мандат комиссиясының отырысы. Жарысқа қатысушы
спортшы-құсбегілерді, тазышыларды аккредиттеу.
17.30-18.00 Жеребе тарту
18.00-19.00 Төрешілер алқасының отырысы
8 қараша, сейсенбі
10.00-10.20 Жарыстың салтанатты ашылуы.
10.20-11.00 Құсбегілердің жарысқа қатысу дайындығын сынау. (Ұлттық киім үлгісі, қыран құстарға қажетті құрал-жабдықтарды
түгендеу).
11.00-13.00 Іріктеу жарысы
1) Қыран құстарды (бүркітті – 700 метрден) қолға шақыру
2) Еркін ұшыру. Қыран құстың иесімен ара қатынасын анықтау.
13.00-14.00 Түскі үзіліс
14.00-15.00. Іріктеу жарысының жалғасы
- Бүркітті шырғаға салу
15.00-17.00 Жартылай финал. Еркін аң аулау. Бүркітті қоянға және
түлкіге салу.
17.00-17.30 Жарысты қорытындылау.
9 қараша, сәрсенбі.
10.00- 10.30. Жарыстың ашылуы.
10.30- 12.30 Тазылардың жарысқа дайындығын тексеру. Курсинг.
Тазыларды 1000 метрге жарыстыру.
12.30-13.00. Жарысты қорытындылау.
13.00-14.30 Түскі үзіліс.
14.30-16.30 Асау үйрету
16.30-17.00 Жарыстың салтанатты жабылуы. Марапаттау рәсімі
17.00 Қонақтар мен жарысқа қатысушылардың қайтуы.