ШҚО-да жарты миллионға жуық ағаш отырғызылады
ШҚО-да 2025 жылға дейін жарты миллионға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы басшысының м. а. Арман Есентаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде облыстың елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтарды құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары қабылданды. Жоспарға сәйкес, 5 жыл ішінде 476,5 мың ағаш отырғызылмақ.
Соңғы 10 жылда өткізілген іс-шаралар ауадағы шығарындыларды 13% - ға төмендетуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, экологиялық заңнама ірі кәсіпорындарды ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізуге міндеттеді, бұл табиғи ортаға жүктемені айтарлықтай төмендетеді екен.