KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Биыл Ұлан ауданында 10 мың ағаш отырғызылады

20.05.2019, 11:15 190

«Жасыл Өркен» көгалдандыру бағдарламасы аясында Ұлан ауданында 10 мың ағаш егілмек. Осы уақытқа дейін 7 мыңы егілген.

Өткен жылы дәл осы бағдарлама аясында Ұлан ауданында небары 1 мың ағаш отырғызылған екен. Биыл бұл көрсеткіш 10 мыңға жетеді деген жоспар бар.

-        «Жасыл Өркен» бағдарламасы аясында Ұлан ауданында 7310 көшет отырғызылды, - деп атап өтті Ұлан аудандық ТҮКШ басшысы Р. Сергазин. 

2019 жылдың 19-21 сәуірі аралығында «Жасыл Өркен» көгалдандыру бағдарламасы аясында ауданның барлық елді-мекендерінде 7310 ағаш егілді. Өңірді көглдандыру үшін Асубұлақ орман шаруашылығынан 1400 қарағай, 2025 шегіршін, 1885 қайың, Өскемен қаласының орман шаруашылығынан 2000 шырша алынды. Бұл ағаштар бақтар мен парктерге, мектептер мен білім нысандарның, денсаулы сақтау мекемелерінің, әкімдіктер мен мәдениет үйлердің алдына, көше бойларына егілді.

Айым Касембаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив