30-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады - ШҚО
Шығыс Қазақстанда алдағы уақытта 33 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Бұл жобалардың жалпы құны – 212 млрд теңге. Оның ішінде агроөнеркәсіп саласы бойынша аса ірі жобалар бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда:
- Ұлан ауданында 117 млрд теңгеге ет өндіретін кешен салу;
- 280 млн теңгеге 400 басқа арналған 2 бордақылау алаңы;
- инвестиция көлемі 16 млрд теңге болатын 4 мың басқа арналған 9 сүт-тауар фермасы;
- құс фабрикаларының құрылысы: Глубокое ауданында жылына 12 мың тонна ет және Ұлан ауданында жылына 163 млн дана жұмыртқа өндіретін фермалар;
- - Шемонаиха ауданында инвестиция көлемі 1 млрд теңге болатын 860 га алаңда суару жүйесін салу (2023 жылы).