KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

"Ауыл-ел бесігі": Шығыста 67 жоба қолға алынды

Фото: ашық дереккөз

22.12.2022, 23:22 536 Мадина Амангелдіқызы

"Ауыл-ел бесігі" жобасы ауылды әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамытудың негізін қалыптастырады және халықтың өмір сүру сапасының параметрлерін өңірлік стандарттарға дейін теңестіруге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша ШҚО-да 42 тірек және спутниктік ауылдарда 4,6 млрд теңгеге 67 жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның ішінде 5 ауылда спорт объектілерін, 2 ауылдық клуб, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 2 көпір салу бойынша жобалар бар.

Жыл қорытындысы бойынша тірек ауылдардың стандарттармен қамтамасыз етілу деңгейі 72,6%-ға дейін өседі деп күтілуде. 2020 жылы бұл көрсеткіш 66,7%-ды құраған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу