Шығыста «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асып жатыр?
шартты сурет
Ауылдық аумақтарды дамыту үшін жағдайлар жасалған. Ауылдарды жаңғырту тұрмыс жағдайын жақсартуға, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестендіруге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асады.
Бұл жобаға Шығыс Қазақстан облысының 57 тірек, 132 спутник ауыл енді. 2019-2021 жылдары 32 тірек және спутник ауылда 8,3 млрд. теңгенің 76 жобасы іске асты (84,0 мың адам немесе облыстағы ауыл халқының 33,3%-ы қамтылды).
Үш жыл ішінде 3 әлеуметтік нысан (10 білім беру, сегіз денсаулық сақтау, төрт мәдениет және спорт), 147,3 км ауылішілік жол салынды және жөнделді.