KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

ОСК сайлау нәтижесін жариялады: ШҚО-дан кім?

16.01.2023, 14:50 375 Оразай Жеңісұлы

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың нәтижесін жариялады.

Бұл жолы әр өңірден 1 өкілден 20 сенатор сайланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан келген. Жалпы, 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түскен.

Шығыс Қазақстан облысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытов жоғары дауысқа ие болды – 104. Ержан Жанабайұлы Әшімовке дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 8 дауысы берілді. Александр Александрович Светашқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 7 дауысы берілді. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 2.

Өзге өңірлерге келетін болсақ, Астанадан Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.

Алматыдан "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.

Шымкенттен қазіргі сенатор Нұрлан Бекназаров.

Абай облысынан Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Ақмола облысынан Талғат Жүнісов, Ақмола облыстық мәслихатынан, хатшы.

Алматы облысынан сенатор Жанболат Жөргенбаев.

Жамбыл облысынан Сәкен Арубаев, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.

Атырау облысынан Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Нәутиев.

Батыс Қазақстан облысынан Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Жетісу өңірінен қазіргі Парламент Сенаты депутаты Амангелді Толамисов.

Түркістан облысынан Мұрат Қадырбек, Жетісай ауданының әкімі.

Қарағанды ​​облысында Қарағанды ​​облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешов.

Қостанай облысында Қостанай облысы әкімі аппараты Бас басқармасының бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Қызылорда облысында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов.

Маңғыстау облысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров.

Павлодар облысында "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" ММ облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Әйткенов.

Солтүстік Қазақстан облысынан Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Ұлытау облысынан Советбек Медебаев.

Ақтөбе облысында Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив