Өскемен гарнизонында «Жас сарбаз» бағдарламасы жүзеге асырылуда
Өскемен гарнизонында әскери қызметшілердің құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында «Айыппұлсыз жыл» атты айлық өткізіліп жатыр.
Бүгінде 2023 жылға арналған «Жас сарбаз» бағдарламасы жүзеге асырылған. Аталмыш бағдарлама аясында түрлі шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР Қарулы күштері әскери полиция органдарында «Келсімшарт бойынша әскери қызметшілердің әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кету, қызметке шықпау, азаматтарды мерзімді әскери қызметке заңсыз шақыру» деректерін алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.
- Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен қызмет көрсететін гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығымен бірлесе отырып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, гарнизонын келсімшарт бойынша әскери қызметшілермен жоғарыда аталған тақырыптарда семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер, дәріс-әңгімелер және тағы басқа профилактикалық жұмыстар атқарылуда, - дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері, әділет аға лейтенанты Ғани Нұрғаламбаев.
Оқи отырыңыз