KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Риддер ЖЭО-ны жеке инвестор сатып алды

24.01.2023, 14:03 454 Ләззат Қанатқызы

Риддердегі жылу электр орталығын қазақстандық инвестор сатып алды.

ЖЭО-ның жаңа иесі аз уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы дәлелдеуі керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

- Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойдық. Қазір орталықтың жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Бұл меншік иесі тиімдірек болады деп сенемін. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек, - деді облыс әкімі.

ШҚО әкімінің айтуынша, күрделі жөндеуге 3 миллиард теңге, бүгінгі қарыздарды өтеуге шамамен 2,5 миллиард теңге, жылумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеуге 1 миллиард теңге, сумен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер мен инфрақұрылымдық жобаларды шешуге шамамен 1 миллиард теңгеге жуық теңге жұмсалмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу