ШҚО-да дәрінің тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 1,9 млрд теңге бөлінді
Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 1,9 миллиард теңге бөлінді, деп хабрлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
– Емдеудің тиімділігі арттыру үшін «Фавипиравир» препараты сатып алынды. Осының есебінен 6 200 науқас қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Аталмыш перепарат облыс ауруханаларында пациенттердің келісімімен 12 қарашадан бастап қолданылуда, – деп атап өтті Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз