Құмар ойындармен айналысатын компаниялар 3,1 миллиард табыс тапқан
2019 жылдың бірінші тоқсанында құмар ойындарды ұйымдастырумен және бәс тігумен айналысатын қазақстандық компаниялар 3,1 миллиард теңге табыс тапты, деп жазады LS.
2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (5,4 миллиард теңге) түсім 42,5 пайызға төмендеді.
«Сонымен қатар бірінші тоқсанда ойын бизнесі үшін төленген салық мөлшері 4,6 миллиард теңгені құрады. Жыл ішінде ол 5,5 миллиард теңгеден 16,4 пайызға төмендеді» деп хабарлайды дерек көзі.
Алматы облысы мен қаласының компаниялары сәйкесінше 2,1 және 1,4 миллиард теңге, ал Ақмола облысының компаниялары 445,6 миллион теңге төлепті.
Оқи отырыңыз